Құтқару қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ
Ақтаудағы Шығыс-2 шағынауданында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйден ірі өрт шықты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік мәліметінше, өрт сөндірушілердің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында жалынның таралуына жол берілмей, өрт толық сөндірілді. Жалын жалпы 100 шаршы метр аумақты шарпыған.
Құтқару қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.
«Төтенше жағдайға тап болсаңыз, 112 нөміріне хабарласыңыз», – деп ескертті ведомство.