сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Оралда жол-көлік оқиғасынан әйел адам қаза тапты

/
istockphoto.com
Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады

Орал қаласында жол-көлік оқиғасы болып, әйел адам мерт болды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 29 наурыз күні сағат 22:10 шамасында Жәңгір хан көшесінде, Шаған өзенінен өтетін көпір маңында болған. “Audi 80” көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

“Марқұм жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бөлісу: