Тәртіп сақшысы жұмыстан шеттетілді. Ал жарақат алған адам ауруханада ем қабылдап жатыр
Мазмұны
Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, полиция қызметкері қауіпсіздік шараларын сақтамай, қызметтік қаруынан бір рет оқ атқан. Салдарынан оның танысы жарақат алды», - делінген мәлімдемеде.
«Салғырттық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Тәртіп сақшысы жұмыстан шеттетілді. Ал жарақат алған адам ауруханада ем қабылдап жатыр.