Алматыдан 560 шақырым жерде жер сілкінді

/
Алматыдан 560 шақырым жерде жер сілкінді
istockphoto.com
Жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 6:40-та тіркелген.

26 наурызда қазақстандық сейсмологтар көрші елдің аумағында жер сілкінісін тіркеді.

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 6:40-та тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстанда, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 560 шақырым жерде орналасқан.

Қазақстанда жер асты дүмпулері сезілген жоқ.

Сейсмологтар 24 наурызда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған жер сілкінісін тіркеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары