сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

/
istockphoto.com
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

26 наурыз күні таңғысын Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол апаты таңғы сағат 07:30 шамасында Ақтөбе – Атырау – Астрахань трассасында болған.

Полиция мәліметінше Toyota Coaster және Lada Vesta автокөліктері соқтығысқан.

Алған жарақатынан үш адам оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен екі адам Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.

«Оқиға орнында полиция мен жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді облыстың Полиция департаменті.

Бөлісу: