сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Биыл Ресейден Қазақстанға 4 жолбарыс әкелінеді

/
istockphoto.com

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты. 

Министр биыл Ресейден тағы бірнеше Тұран жолбарысы әкелінетінін еске салды.

«Ақпан айында ресейлік әріптестерімізбен кездесу өтті. Бұл Тұран жолбарысын қалпына келтіру бағытындағы өзара серіктестік жөніндегі меморандум аясындағы жұмыс тобының бірінші отырысы болатын. Біз ресейліктерге өзіміз дайындаған инфрақұрылымды көрсеттік. Өзара түсіністік бар. Биыл тағы 3-4 жолбарыс әкелеміз деп ойлаймын. Осылайша Тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтірудің толық ауқымды бағдарламасына кірісеміз», — деді министр.

Бөлісу: