сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Павлодар облысында дала өртенді

/
pixabay.com
Ұйытқыған жел өртті одан сайын өршіткен.

Павлодар облысының Қарабай ауылының аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұйытқыған жел өртті одан сайын өршіткен.

ТЖМ құтқарушылары мен ерікті өрт сөндірушілер жұмылып, 44 гектар жердегі өрт сөндірілді. Қазір қарауылдау жүргізілуде, өрттің таралу қаупі жоқ.

Өртті сөндіруге 7 бірлік техника және жеке құрамнан 28 адам қатысты. Өрттің себебі анықталып жатыр.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Бұзушылық адамдардың өміріне зиян немесе материалдық залал келтірілген жағдайда қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.

Бөлісу: