сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Қостанай облысында су тасқынының алдын-алу жұмыстары жүргізіліп жатыр

/
Бұл туралы ҚазАвтожол хабарлады.

Мазмұны

    Қостанай облыстық филиалының жолшылары «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының (211 км) және «Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы – Сарыкөл – Қостанай» автожолының (689–690 км) учаскелерінде су тасқынының алдын алу бойынша маңызды іс-шаралар жүргізді. Олар жолдарды су басудан қорғау мақсатында арнайы су толтырылатын бөгеттер орнатты.

    Су толтырылатын бөгет – бұл ұзындығы 25 метр, биіктігі 1,5 метр болатын су өткізбейтін берік материалдан жасалған арнайы қорғаныс құрылымы. Құрылым ішіндегі арнайы саңылаулар арқылы су немесе ауа толтырылғаннан кейін, ол ауыр әрі тұрақты қалыпқа келеді. Мұндай бөгеттер судың таралуына жол бермей, кедергі жасайды.

    Су тасқыны қаупі жойылғаннан кейін бөгет ішіндегі су немесе ауа шығарылып, құрылым жинақы күйде бүктеліп, келесі қолдануға дейін сақтауға қойылады.

    Су толтырылатын бөгеттердің негізгі артықшылығы – олардың мобильділігі мен орнатылу жылдамдығы. Оларды тасымалдау оңай және су басу қаупі бар аумақтарға тез арада орнатуға болады.

     

    Бөлісу: