сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Көкшетауда есірткі шеккен ер адам мектептің терезесін сындырған

/
Қазір тергеу жүріп жатыр.

23 наурыз күні «ЭКОС» №13 мектеп-гимназиясының аумағына масайған ер адам кіріп кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол мектептің терезесін сындырып, ішке кірмек болған. Бірақ қолы қанап, кіре алмаған соң, турникет арқылы ғимаратқа кірген.

Күзетші дабыл түймесі арқылы жедел әрекет ететін топты шақырған. Ер адам ұсталды.

Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Күдіктінің есірткі шеккені белгілі болды.

Бөлісу: