273
Пласидо Доминго Астанада өнер көрсетеді
Пласидо Доминго Астанада өнер көрсетеді
Аты аңызға айналған опера королі Пласидо Доминго 1 және 3 тамызда «Астана Опера» театрында өнер көрсетеді. Ол қазақстандық көрермендердің алдына Дж. Вердидің «Травиата» операсындағы Жорж Жермон партиясын орындамақ. Спектакльге билеттер сатылымға түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Пласидо Домингоның Астанаға келуі «ЭКСПО-2017» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асатын болады.
Опера королі классикалық музыканы сүйіп тыңдаушылар арасында ғана емес, күллі әлемге әйгілі. Маэстроның есімі биске ең көп шақырылуы (101 рет) және репертуар көлемі бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген: 2016 жылға қарай орындаған рөлдер саны - 147 және әлемнің үздік сахналарында 3800 рет өнер көрсеткен. Пласидо Домингоның дирижерлік тұғырға шыққаны 500 реттен асады; жүзден астам фильмдердің түсіріліміне, аудио және видео жазбаларға қатысқан.
Маэстро Лучано Павароттимен және Хосе Каррераспен бірге «үш тенор» жобасына қатысқанда бүкіл әлемдік даңққа ие болған. Операдағы баритондық партияларды орындауды ол 2009 жылдан бастады. Төрт жыл өткен соң әйгілі әнші Жорж Жермон рөлінде алғаш өнер көрсетті.
- «Травиата» операсы еңбек жолымды бастаған сәттен-ақ мен үшін үлкен белгіге айналды. 1960 жылы, небәрі он тоғыз жасымда Монтерреде (Мексика) өткен операда Гастонның шағын партиясын шырқадым. Келесі жылы дәл осы қалада мен бірінші басты рөлім Альфредті орындадым. Сонымен бірге, осы ұлы жауһар туындыға дирижерлік еттім, енді міне Альфредтің әкесі Жорж Жермонның баритондық партиясын шырқау бақыты бұйырды, - дейді Пласидо Доминго.