дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

Астанада патрульде жүрген ІІМ офицері есірткімен айналысқан күдіктіні ұстады

/
ІІМ
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде

Мазмұны

    Астанада ІІМ кадр қызметінің офицері патрульдеу барысында өзімен бірге есірткі алып жүрген ер адамды ұстады. Қазір ол есірткі заттарын жасырып кетумен айналысты деген күдікке ілінді.

    Оқиға көктемгі мерекелер кезінде болған. ІІМ Кадр саясаты департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Есжан Арыстанов қоғамдық тәртіпті күшейту мақсатында елорда көшелерін патрульдеуге шыққан.

    “Түн ортасына қарай маршрут бойынша жүрген офицер полицейді көре сала көпқабатты үйдің ауласына қарай жүгіріп кеткен екі жас жігітті байқайды. Арыстанов күмәнді азаматтарды назардан тыс қалдырмай, олардың соңынан ілесуді ұйғарған”, – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

    Құжаттарын тексеру барысында жастардың сол аулада тұрмайтыны анықталды. Шын мәнінде, екеуі де басқа облыстан келген болып шықты. Сонымен қатар олардың бірінің қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылды. Кейінгі сараптама бұл заттың гашиш екенін көрсетті. Күдіктінің айтуынша, ол есірткіні Telegram арнасы арқылы сатып алған.

    Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

    Бөлісу: