7А шағынаудандағы жағалауда кафе өртенді. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.
Lada.kz сайтының мәліметінше, Маңғыстау облыстық ТЖД «Айжан» кафесінің өртенуі туралы хабарлама сағат 18:57-де түскенін хабарлады. Өртке II дәрежелі қауіптілік деңгейі берілген. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің мамандары мен арнайы техника жұмыс істеп жатыр.
Куәгерлер оқиға орнынан фото және видео жіберуде. Сондай-ақ жедел жәрдем көлігінің келгені хабарланды.