ORDA FM радиосы Наурыз мерекесіне орай марафон өткізді

/
ORDA FM радиосы Наурыз мерекесіне орай марафон өткізді
Orda FM
Бағдарлама 11.30-15.00 аралығында тікелей эфирде жүрді.

Бүгін Ұлыстың ұлы күніне орай ORDA FM радиосының ұжымы «Наурыз - жақсылық жаршысы» атты марафон өткізді. 

Студияға елге жақсылығы өткен жандар жиналды. Бағдарлама 11.30-15.00 аралығында тікелей эфирде жүрді. 

Хабарға бала сүйе алмай, баз кешкен отбасыларға сәбилі болуға қол ұшын беріп жүрген қор басшысы  Ләйла Маханбетқызы, отбасылы болғанына 13 жылдан асып, ана болғалы отырған 34 жастағы Астана тұрғыны Мақпал Бабақаева қатысты. 

Қазақтың қыз-келіншегіне ұлттық киім кигізіп, ұлттық дәстүрді жаңғыртуға үлес қосып жүрген «Қазақ аналары» қозғалысының жетекшісі Айнұр Жүгінісова ханым бағдарлама көркін кіргізді.  

Қалиақпер Үсемханұлының Наурыз бен ұлттық киімнің тарихы жайлы әңгімелері өте әсерлі шықты. 

Ақын Қалқаман Сарин  «Жақсылық жасап жарысайық» деген өлеңін тыңдарманға өзі оқып берді.

Бөлісу: