сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Бүгін өңірлерде ұлттық спорттан қандай іс-шаралар өтеді?

/
istockphoto.com
Аймақтарда садақ атудан қалалық ашық турнир, жамбы ату, аударыспақ, бәйгеден ашық біріншілік өткізіледі.

Былтырдан бастап елімізде 20 наурыз – Ұлттық спорт күні ретінде кең көлемде аталып өте бастады. Осыған орай, Ұлттық спорт күнін мерекелеу аясында өңірлерде бірқатар спорттық-бұқаралық іс-шара жоспарланған.

Астана қаласы

  • Ұлттық спорт түрлерінен қойылымдар (қыз қуу, аударыспақ, садақ ату, тазы көрмесі, бүркіт көрмесі, ләңгі тебу, теңге ілу, атқа міну дәстүрі) – «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені.
  • Ұлттық спорт түрлері бойынша турнир (тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту, қол күресі) – Паралимпиадалық жаттықтығу орталығы.

Шымкент қаласы

  • Көкпар жарысы – Жаңа Атшабар алаңы.

Атырау облысы

  • Ұлттық спорт және ұлттық ойындардан бұқаралық-спорттық іс-шаралар (қазақ күресі, асық ату және бес асық, тоғызқұмалақ) – И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы атындағы орталық алаң.
  • Жаппай көкпар жарысы – Мақат ауданы.

Жамбыл облысы

  • Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы – 2025» қалалық жарысы – Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз – Арена» спорт сарайы.
  • Садақ атудан қалалық ашық турнир – Құмшағал алқабындағы спорт кешені.
  • Бұқаралық спорт түрлерінен жарыстар – Тараз қаласы, орталық алаң.

Қарағанды қаласы

  • Мемлекеттік қызметкерлер арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар – Қ.Нұржанов атындағы жеңіл атлетикалық манеж.

Қостанай облысы

  • Дәстүрлі садақ ату және жамбы атудан «Мергендер лигасы» – Заречный ауданы, жабық «Ат-манежі».
  • Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат – Заречный ауданы, Sport Life ДШСК.

Жетісу облысы

  • Ұлттық ат спорты түрлерінен жастар арасындағы чемпионат – Талдықорған қаласы, орталық ипподром.

Батыс Қазақстан облысы

  •  «Бабалар ізімен» ұлттық спорт түрлерінен облыстық лига – Орал қаласы, «Орал» спорт клубы.

Қызылорда облысы

  • Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар (қазақ күресі, қол күресі, асық ату, дәстүрлі садақ ату, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ, арқан тарту) – Қызылорда қаласы, орталық ипподром.

Ақмола облысы

  • Ұлттық тазы тұқымының жүгіру жарысы – Красный Яр ауылы, «Құлагер» атшабары.
  • Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар – Красный Яр ауылы, «Құлагер» атшабары.

Ақтөбе облысы

  • Ұлттық спорт түрлерінен жарыс (қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тартыс, садақ ату, ләңгі тебу) – Ақтөбе қаласы.
  • Шығыс Қазақстан облысы
  • Қазақы ит тұқымдары арасында ШҚО біріншілігі – Зайсан қаласы.

Маңғыстау облысы

  • Ұлттық спорт түрлерінен жарыс (дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату және бес тас) – Ақтау қаласы, «Теннис орталығы».

Солтүстік Қазақстан облысы

  • Жамбы ату, аударыспақ, бәйгеден ашық біріншілік – Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, «Құлагер» атшабары.
  • Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар – Петропавл қаласы және барлық аудандар.

Павлодар облысы

  • Ұлттық спорт түрлерінен жарыс (қазақ күресі, арқан тартыс, қошқар көтеру, армрестлинг, гір көтеру, тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату, бес асық, еркін күрес, көкпар, қызықты мәре) – Павлодар облысы.
Бөлісу: