бейсенбі, 3 сәуір, 2025

«Қазақтелеком» АҚ филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу аяқталды

/
istockphoto.com
Олар мемлекетке 460 млн теңге шығын келтірді деген күдікке ілінген.

«Қазақтелеком» АҚ филиалы – Сервистік фабрикасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұлттық компанияның жылжымайтын мүлік портфелін басқаруға жауапты бөлімше саналатын «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Сервистік фабрикасының лауазымды адамдарының өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Бас директор мен филиал қызметкері мемлекет мүддесіне қайшы және кәсіпкер үшін пайда табу мақсатында Тараз қаласындағы акционерлік қоғамның әкімшілік ғимаратын көрінеу төмендетілген құны бойынша мемлекетке 460 млн теңгеден астам сомаға залал келтіре отыра іске асырды деп күдікке ілінген.

Жылжымайтын мүлік объектісі мемлекеттік меншікке берілді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу: