жұма, 11 сәуір, 2025

Экс-министр Марат Бекетаевтың ісі сотқа жолданды

/
Ғаламтор
2025 жылдың 31 қаңтарында тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастаған.

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс-министр Бекетаев пен басқа тұлғаларға қатысты алаяқтық, аса ірі мөлшерде ақша жымқыру, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жолданды», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Данияр Бигайдаров.

Айта кетейік, Бекетаев 2023 жылдың 21 қазанында сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ұсталған болатын. 2025 жылдың 31 қаңтарында тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастаған. 

Бөлісу: