дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

«Жаңару күні»: Қызылордалық белсенді жастар 50-ге жуық көшет отырғызды

/

Мазмұны

    19 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі бойынша «Жаңару күні». Осы ретте «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық, қалалық филиалдарының ұжымы, «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері «Мәңгілік алау» мемориалы ауласына ағаш отырғызды.  

    Ұлы отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш тақталарды жуылып, қоқыс шығарылды.
    Жаңару күнінде аманаттықтар 50-ге жуық түп қарағаш, терек, Сыр талын екті.
    Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов  игі бастамаға қолдау көрсетіп, әр тұрғын тазалықты өз ауласынан бастап, қала аумағын жасыл-желекпен көмкеруге үлес қосуы тиіс екенін айтып, «Жаңару күнінде» тұрғындарға бақ-береке тіледі.
    «Жаңару» күнінде тазалыққа үндейтін акция бүгін партияның барлық аумақтық филиалдарында, бастауыш партия ұйымдарында жалғасын тауып жатыр.

    Бөлісу: