1 сәуірде полицияны алдамақ болған әйел бас бостандығынан айрылуы мүмкін
1 сәуірде полицияны алдамақ болған әйел бас бостандығынан айрылуы мүмкін
Батыс Қазақстан облысында күйеуінің пойызда кепілге алынғаны туралы қалжыңдаған әйел сотталып кетуі мүмкін. Бұл туралы "Мой город" порталына сілтіме жасап NUR.KZ хабарлады.
Облыстық жедел штабтың БАҚ-пен байланыс жөніндегі тобы хабарлағандай, 1 сәуір күні полицияға әйел адам хабарласып, күйеуінің пойызда кепілге ұсталып отырғанын хабарлаған. Шамалы уақыттан кейін әйел 102 нөміріне қайта хабарласып, кепілде ұстау туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, жәй ғана қалжыңдамақ болғанын айтқан.
"Әйелдің жеке басы анықталды. Әзілқой Батыс Қазақстан облысының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады жедел штабта.
Оған қатысты Қылимыстық кодекстің 273-бабы "Терроризм актісі туралы жалған көрнеу хабарлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Бұл қылмысқа алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.