сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Астанада жолаушылар автобусы жүк тиегіш техникамен соқтығысты

/
istockphoto.com
Жол апаты болған сәтте автобуста шамамен 15 жолаушы болған, зардап шеккендер жоқ

Астанада №51 бағытындағы жолаушылар автобусы жүк тиегіш техникамен соқтығысып, жарық бағанасына соғылды.

Astana press мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кешкі сағат 20:00 шамасында, әуежайға баратын жолда болған. Куәгерлердің айтуынша, автобус қалыпты қозғалыста келе жатқанда жүк тиегіш техника кенеттен соқтығысқан. Оқиға салдарынан автобустың ішіндегі жолаушылар абыржып, кейбірі құлап қалған.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол ережесін жүк тиегіш техниканың жүргізушісі бұзған.

“Арнайы техниканың жүргізушісі жол қиылысынан тыс жерде бұрылыс жасап, сол бағытта тікелей келе жатқан автобусқа жол бермеген. Нәтижесінде автобус жарық бағанасына соғылды. Жол апаты болған сәтте автобуста шамамен 15 жолаушы болған, зардап шеккендер жоқ,” – делінген ресми хабарламада.

Бөлісу: