Нұрлан Ноғаев: Биыл жол құрылысына басымдық береміз

Нұрлан Ноғаев: Биыл жол құрылысына басымдық береміз

Нұрлан Ноғаев: Биыл жол құрылысына басымдық береміз
ашық дереккөзі
237
2017 жылы Атырау облысында 402 көшеге асфальт төселеді. Жол жабынының жалпы ұзындығы 333 шақырымды құрайды. Мұндай цифрлар бүгін Атырау облысы қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». «Биыл біз жол құрылысына баса назар аударып отырмыз, бұрын болмаған көлемдерді алдық. 2016 жылы өңірде жалпы ұзындығы 167,5 шақырым болатын 227 көше асфальттанды. 2017 жылы облыстың 402 көшесіндегі 333 шақырым жолға асфальт төселеді. Одан бөлек, 2017 жылы шұңқырларды жөндеуге жол жабынының 60,7 мың шаршы метрі бекітіледі. Біздің міндетіміз - мойнымызға алған барлық тапсырманы орындау. Біздің мақсатымыз - қалалық күре жолдың жағдайын жақсартып, батпақ арасында жатқан қала маңындағы ауылдық округтерге жаңа өмір сыйлау», - деді Нұрлан Ноғаев. Облыс әкімі жиналғандардың назарын құрылыс қарқынын жылдамдату қажеттілігіне аудара келе, бұл бұл үшін бар жағдай жасалғанын атап өтті. «Атырау облысы әкімдігі мен «Қазақстан темiр жолы» АҚ арасындағы уағдаластық бойынша, жол құрылысына қажетті инентті материалдар жеткізетін вагондар саны едәуір өсті.    

Серіктес жаңалықтары