сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Есірткі сатқан ҚТЖ қызметкері ұсталды

/
polisia.kz
Қазір қылмыстық іс қозғалған.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС қызметкері есірткі сатқаны үшін ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Павлодар облысының полициясы қаланың есірткі таратумен айналысқан екі тұрғынын ұстады. Олардың бірі «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-да жұмыс істейтіні анықталды.

Тексеріс барысында 700 грамға жуық есірткі заттары, электронды зергерлік бұйымдар, электрошокер, пневматикалық пистолет, екі қару мен оқ-дәрілер табылған.

– Есірткі заттарын, қару-жарақ, жарылғыш заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды, - деді Павлодар облысының Полиция департаменті.

Бөлісу: