Әзебрайжандық дәрігерлер жарақат алған қазақстандықты кезексіз әрі тегін емдеді

Айнигара Бакуде 4 күн болған, қазір оның жағдайы жақсы.

Әзебрайжандық дәрігерлер жарақат алған қазақстандықты кезексіз әрі тегін емдеді
Сурет: @tengritravel.kz.
163

Бакуде саяхаттап жүрген қазақстандық бойжеткен жарақат алы, жүре алмай қалған. Бакуде жедел түрде травматология бөліміне көмекке жүгінген, деп хабарлады turkystan.kz.

Турист қыздың айтуынша, Бакуде оны тегін әрі кезексіз қабылдаған.

Оқиғаның басты кейіпкері Айнигараға Әзірбайжандық дәрігерлер Актаудағы әріптестеріне алғыстарын жеткізіп , ризашылығы ретінде оған тегін көмек көрсетіп, қарағанын айтты. Сонымен қатар, оған ұлттық тағамдар ұсынған және қаланы таныстырған.

Айнигара Бакуде 4 күн болған, қазір оның жағдайы жақсы.

Айта кетейік, былтыр 25 желтоқсанда сағат 11.20 шама­сында Ақтау қаласы ма­ңында Баку қаласы­нан Грозный қаласына бет ал­ған әзербайжандық «Az Airlines» әуе компания­сының Embraer 190 жолаушылар ұшағы әуежайға жетпей құлап, өртке оран­ған.

Серіктес жаңалықтары