Танымал өнер иесі Қыдырәлі Болманов белгілі продюсер Баян Алагөзованы туған күнімен құттықтап, жазба арнады, деп хабарлады turkystan.kz.
Әншінің айтуынша, Баян Алагөзованы алғаш «Махаббат бекеті» фильмінен көрген. Кейін Алматы қаласында бір институтты тәмамдаған екен.
«Баянды алғаш рет «махаббат аядамасы» көркем-фильмінен көргенмін. Баянға ғашық болған суретші жігітке тілекші болып, ол қиналғанда, бірге қиналып, Баян басқа жігітке тұрмысқа шығып кеткен кезде, қап, неге өйтті екен,-деп Баянға ренжіңкіреп те қалғанбыз. Алматыға оқуға түскенде, сол институттан көремін деп үш ұйықтасам, түсіме кірмеген еді. Бір күні аудиторияға кіріп келсем, басқа курс отыр екен. Алдыңғы қатарда отырған Баян бірден көзіме оттай басылды. «Махаббат станциясы» . Кинодағы Баяннан жүз есе сұлу екен… Сол кезден бастап танимын. Мен үшін әрі әріптес, бір институтта, бірақ әртүрлі факультетте оқысақ та, студенттік кезден білетін, мен үшін қымбат замандасым ! Кезінде киноға бүгінгідей қызығушылық, сұраныс жоқ, киноға қорқа соқтап, бата алмай, белден кіре алмай тұрған кезіміз. кино түсіру-клип түсіру емес, күрделі дүние болса да, Отандық кино түсіруді қолға алған алғашқылардың бірі, қазақтың қайсар да талантты қыздарының бірі дер едім.. Баянның Мөлдір,Ерке Айгүл,Камшат, Жұлдыз, Ақботанұр, Балжан сынды қазақтың талантты қыздарын сахнаға шығарып, елге танытты. Келген жасың құтты болсын, елге істеген еңбегің елеулі болсын ! Алладан ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыңа бақыт-береке тілейміз !», - деді Қыдырәлі Болманов.