СҚО-да шенеунік Ұлттық қордан бөлінген ақшаны жымқырған

Ол 840 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

СҚО-да шенеунік Ұлттық қордан бөлінген ақшаны жымқырған
istockphoto.com
153

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет коммерциялық ұйымның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол Ұлттық қор қаражатынан жылыжай кешенін салу үшін жапырақты көкөністерді өсіру жөніндегі жабдықтарды сатып алуға бөлінген 840 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Айыпталушы сотқа тартылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары