Түркістан облысында ұрланған 41 мал иесіне қайтарылды

Жалпы саны 71 бас мал ұрланған.

Түркістан облысында ұрланған 41 мал иесіне қайтарылды
polisia.kz
Автор
Админ
153

Түркістан облысының полициясы ұрланған 41 бас малды иесіне қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жыл басынан бері өңірде мал ұрлығына қатысты 13 факті тіркелген. Соның ішінде 10 қылмыс ашылған. Ұрланған 71 бас малдың 41-і иелеріне қайтарылды.

Сондай-ақ облыс аумағында мал ұрлығын жасаған 14 қылмыскер ұсталды.

Мал ұрлығын кәсіп еткен 4 қылмыстық топтың жолы кесілді.

ҚР ІІМ-нің 2024-2026 жылдарға арналған ұрлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жоспарының тармақтарын орындау шеңберінде Түркістан облысының полицейлері қарқынды қызмет атқаруда. 

 

Серіктес жаңалықтары