Автокөлік айыппұл тұрағына жіберілді.
Жамбыл облысының полициясы Toyota Vellfire көлігін тізгіндеген 27 жастағы жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол жол ережесін екі айда 89 рет бұзған.
Автокөлік айыппұл тұрағына жіберілді. Құқық қорғаушылардың мәліметінше ол үнемі жоғары жылдамдықпен жүрген. Ал төленбеген айыппұлдар мөлшері 4,6 млн теңгеге жеткен. Тәртіп сақшылары автокөлікті видеобақылау камералары арқылы тапқан. Енді көлік жүргізушінің айыппұлдары толық төленгенге дейін айыпұл тұратында болады.