сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

ТЖМ екі облыстың тұрғындарына ескерту жариялады

/
ТЖМ
Екі облыста қар көшіні жүру қаупі бар.

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына қар көшкіні жүру қаупіне байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы облысында «Түрген-Батан ауылы» тас жолының 22 және 23 шықырымы аралығындағы Асы обсерваториясы Еңбекшіқазақ ауданындағы тау бөктерінде қар жамылғысының тұрақсыз жай-күйіне байланысты көлемі 200 текше метр қар көшкіні өздігінен түсті.

Шығыс Қазақстан облысы:

  • Катонқарағай ауданында және жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлық» автожолының 16-шы шақырымында көлемі 250 текше метр қар көшкіні түсті.
  • Глубокое ауданы «Өскемен-Горная Ульбинка-Северное» тас жолында қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жүргізілді, жалпы көлемі 680 текше метрді көшкіні түсірілді.
  • Алтай ауданында республикалық маңызы бар «Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Қатон-Қарағай - Рахманов кілті» а/ж алдын ала жабылған аумақта көлемі 120 текше метр қар көшкіні өздігінен түсті.

Зардап шеккендер жоқ. Қираған дүние жоқ. Қар көшкіні жолды жауып тастады.

ТЖМ азаматтарды таулы аудандарда сақтық шараларын сақтауға және тазарту жұмыстары аяқталғанға дейін аталған маршрут бойынша жүруден бас тартуға шақырады.

Бөлісу: