Қазір жолды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгін Еңбекшіқазақ ауданында қар көшкіні жүріп, жолды басып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Таңғы сағат 06:05-те Түрген – Батан автожолының 22-23 шақырымында қар көшкіні жүрді. Қар мөлшері 200 текше метр. Қар көшкінінің салдарынан жол жабылып қалды. Түрген өзенінде су еркін ағып жатыр. Зардап шеккендер жоқ», - дедң Алматы облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.
Қазір жолды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жүргізушілерге бұл бағыт бойынша сапарын кейінге қалдыру ұсынылады.