ОҚО-да бала асырап алушыдан 80 мың теңге пара алған шенеунік сотталды

ОҚО-да бала асырап алушыдан 80 мың теңге пара алған шенеунік сотталды

ОҚО-да бала асырап алушыдан 80 мың теңге пара алған шенеунік сотталды
ашық дереккөзі
Оңтүстік Қазақстан облысында шенеунік бала асырап алушыдан 80 мың теңге пара алғаны үшін сотталды. Сайрам аудандық білім бөлімінің қызметкері бұл қаражатты тиісті құжаттар жасап беремін деп алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Қарабұлақ ауылының тұрғыны бала асырап алмақшы болып, аудандық білім бөліміне барған. Оған 34 жастағы маман жеңіл жолын үйретіпті. Яғни, 80 мың теңге берсе, барлық құжаттарын заңдастырып беремін деп түсіндірген. Алайда оңай жолмен олжалы боламын деген келіншектің арам ойы іске аспады. Ол пара алу кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен ұсталды. Тергеу барысында пара алушының қылмысы толықтай дәлелденіп, аудандық сотта қаралды. Сот отырысы барысында айыпталушы қылмысын мойындап, өкінетінін айтты. Істі қарап шыққан судья білім бөлімінің маманын кінәлі деп тауып, пара сомасынан 20 есеге көп айыппұл төлеуге және өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетуге үкім кесті. Енді кінәлі қызметкер мемлекетке 1 млн 800 мың теңге айыппұл төлеп, мүлкі тәркіленеді.