сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Шығыс Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

/
Google Картадан скриншот
Зардап шеккендер мен қираған орындар туралы ақпарат түскен жоқ

8 наурыз күні таңғы сағат 08:29-да (Астана уақытымен) жер сілкінісі тіркелген, деп хабарлады ТЖМ және Қазақстан ұлттық деректер орталығы.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Зайсан қаласынан 48 шақырым қашықтықта, таулы аймақта орналасқан.

• Координаттары: 47.20° солтүстік ендік, 84.98° шығыс бойлық

• Магнитудасы: MPV=4.8

• Энергетикалық класы: K=11.4

• Тереңдігі: 32 км

Есептік қарқындылық Зайсан ауданында 2 баллды құрады. Зардап шеккендер мен қираған орындар туралы ақпарат түскен жоқ.

Бөлісу: