Президент елге еңбек сіңірген азаматтарды марапаттады

/
Президент елге еңбек сіңірген азаматтарды марапаттады
istockphoto.com
Оларға мемлекеттік наградалар табысталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында:

    4 еңбек ардагері;

    19  жұмысшы маман мен кәсіпорын еңбеккерлері;

    14 денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері;

    6 кәсіпорын басшысы;

    3 қоғамдық ұйым өкілі;

    7 мемлекеттік қызметкер;

    6 құқық қорғау, арнаулы және бақылаушы органдарда, әскер қатарында еңбек ететін қызметкерлер бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары