сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Астанада ер адам жанармай құю бекетін өртеп жібере жаздады (ВИДЕО)

/
видеодан алынған скрин
Ер адам жанармай құю бекетінде оттық тұтатқан.

Астанада көлік жүргізушісі жанармай құю бекетінде оттық жағып, өрт шығара жаздады, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде минивэн жүргізушісі жанармай құю кезінде бакқа оттық жаққаны түсірілген видео тарады. Желідегі ақпаратта оқиғаның Тәуелсіздік және Момышұлы көшелерінің қиылысында болғаны айтылған. 

Оқиға үлкен жарылысқа әкелуі мүмкін еді, станция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында өрт жылдам сөндірілген. 

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті бұл жағдай бойынша 101 және 112 қызметтеріне ешқандай хабарлама түспегенін және оқиғаның нақты мерзімі белгісіз екенін хабарлады. 

Бөлісу: