Таразда дүкен мен дәмханада өрт шықты

Зардап шеккендер жоқ.

Таразда дүкен мен дәмханада өрт шықты
сурет ашық дереккөзден алынды
258

Тараз қаласында дүкен мен тез тамақтану дәмханасында өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға Жамбыл даңғылы бойында болған.

Төтеншеліктердің мәліметінше, дүкеннің шатыры мен дәмхана ғимараты жанған. Қызыл жалын аумағы - 50 метр.

Шақырту бойынша мекенжайға дереу жеткен өрт сөндірушілер алапат өртті сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда. Осы ретте ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары