Астана тұрғындарының телефонына дабыл ескертуі келді

Бүгін Астанада қала тұрғындары мен қонақтарының смартфондарында Ұлттық ескерту іске қосылды.

Астана тұрғындарының телефонына дабыл ескертуі келді
istockphoto.com
208

Цифрлық даму министрлігінің өкілдері бүгін астаналықтардың телефондарына келген дабыл ескертуінің себебін түсіндірді.

"Бүгін Астанада қала тұрғындары мен қонақтарының смартфондарында Ұлттық ескерту іске қосылды.

Қазіргі уақытта Астана қаласын Cell Broadcast технологиясы бойынша Төтенше жағдайлар кезінде жаппай құлақтандыру жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.

Бұл ескерту тестілеу режимінде жүргізілді.

Уайымдамауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - делінген министрлік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары