«Takorp» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары қамауға алынды

/
«Takorp» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары қамауға алынды
ҚМА
Күдіктілер салымшылардың ақша қаражатына Павлодарда 10 млн теңгеге пәтер сатып алып, банктерде 8 млн теңге сомасына 4 депозит ашқан.

Павлодарда «TAKORP» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары салымшылардың қаражатына пәтер сатып алып, 4 депозит ашқан.

Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпаратынша, күдіктілер 2024 жылдың наурыз бен қыркүйек айлары аралығында «TAKORP» қаржы пирамидасын басқарғаны анықталды. Ол АҚШ-тағы жарнамалық қосымшалар платформасы ретінде қызмет еткен.

«Қатысушыларды тіркеу үшін электрондық криптобиржа «ОКХ» арқылы криптовалюта сатып алуды ұсынған.

Негізгі шарттардың бірі кемінде 5 жаңа салымшы тарту болған. Бұл шартты орындау арқылы құнды сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне кепілдік берілген.

50-ден астам азамат осы уәделерге сеніп, 30-дан 500 АҚШ долларына дейін ақша салып, өз деңгейіне қарай 2 мың АҚШ долларына дейін бонустар алуға үміттенген.

Қылмыстық кірістің жалпы сомасы 50 млн теңгеден асты», – делінген хабарламада.

Күдіктілер салымшылардың ақша қаражатына Павлодар қаласында 10 млн теңгеге пәтер сатып алып, банктерде 8 млн теңге сомасына 4 депозит ашқан.

Сот санкциясымен жылжымайтын мүлік пен ақша қаражаттарына тыйым салынды.

Күдіктілерге қатысты «үйқамақ» және «елден кетпеу туралы қолхат» түрінде шара қабылданды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары