Қазақстан армиясы 16 мың жас сарбазбен толығады

Қазақстан армиясы 16 мың жас сарбазбен толығады

Қазақстан армиясы 16 мың жас сарбазбен толығады
ашық дереккөзі
296
Қазақстанда «Көктем - 2017» мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру науқаны өтіп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті басшысының орынбасары Жинақтау басқармасының басшысы, полковник Амантай Үсербаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Еліміздің барлық өңірлерінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары ұйымдасқан, жүйелі жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстарды ұйымдастыру үшін барлық өңірлерде әскери қызметке шақыру комиссиясы және дәрігерлік комиссия құрылған, жұмыстар жүргізілуде. Осы көктемгі уақытта Қазақстан Қарулы күштерінің қатарына 16 мыңдай азамат әскери қызметке шақырылады»,- деді ол. Оның атап өтуінше, көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны барысындағы негізгі міндет ҚР Қарулы күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын тиісті білімі бар, физикалық және психологиялық тұрғыда дайындалған жас сарбаздармен жасақтау болып отыр. Брифинг барысында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің басшысы, генерал-майор Мүслім Дайыров көктемгі әскерге шақыру Қазақстан Қарулы күштерінің 25 жылдық мерейтойына сәйкес келіп отырғандығын атап өтті. «Осыған байланысты республикада қоғамды қатыстыра отырып, әскерге шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салу, ант беру рәсімін ашық алаңдарда өткізу жүргізіледі. Мұндай әскери патриоттық жұмыстар жас ұрпақтың өз Отанын қорғауға әзірлігін шыңдауға ықпал етеді», - деді ол. 

Серіктес жаңалықтары