ҰҚК есірткі тасымалданған екі қазақстандықты ұстады

Олардан 15 келі гашиш есірткі заты тәркіленді.

ҰҚК есірткі тасымалданған екі қазақстандықты ұстады
ҰҚК
157

Ақпанда ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.

«Сот санкциясымен Қазақстанның екі азаматы қамауға алынды. Олардан 15 келі гашиш есірткі заты тәркіленді», - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары