сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Түркістанда досымен кездеспек болған жігіт көршісінің көлігін ұрлап кеткен

/
Сурет: otyrar.kz
Оқиға түнгі уақытта болған.

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері көлік ұрлығына қатысы бар деген күдікпен жас жігітті ұстады. Жас жігіт көпқабатты үйлердің ауласында тұрған көршісінің автокөлігін айдап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

«ВАЗ» маркалы көліктің есігі кілттенбегенін пайдаланып, рөлге отырған. Содан көлікті оталдырып, достарына жетіп алу үшін айдап кеткен. Ал оқиға орнына жеткен соң, қиылыстардың біріне автокөлікті қалдырған.

Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті тауып, заңды иесіне тапсырды. Қазіргі таңда жәбірленушінің арызы бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бөлісу: