сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Оралда жоғалып кеткен жасөспірім 8 күннен бері табылмай жатыр

/
БҚО ПД
Жасөспірім 24 ақпан күні шамамен сағат 07.45-те № 12 орта мектепке шығып кеткеннен оралмаған.

Орал қаласына қарасты Деркөл кентінің тұрғыны 17 жастағы Артем Сарманов іздестіріліп жатыр.

БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірім 24 ақпан күні шамамен сағат 07.45-те № 12 орта мектепке шығып кеткеннен оралмаған.

Ерекше белгілері: бойы 170 см, денесі арықша келген. Үстіне капюшоны бар қара күрте, қара трико, аяғына қара кроссовка киген. Өзімен бірге Айфон 11 маркалы телефоны бар.

Жасөспірімді көрген-білген жандар болса, 8-777-184-04-90, 8-705-796-68-68 немесе 102 нөміріне қоңырау шалуы сұралады. Қазіргі кезде іздестіру жұмыстары жалғасуда, — деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу: