Алматы қаласынан 122 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Сейсмологтардың ақпаратынша, Қазақстан Республикасының аумағында сезілу байқалмаған.

Алматы қаласынан 122 шақырым жерде жер сілкінісі болды
istockphoto.com
193

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 3 наурыз күні Астана уақытымен сағат 11:05-те жер сілкінісін тіркеді. 

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 122 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің координаттары: 42.155º с.е. 76.487º ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. Энергетикалық класы – 9.99. Магнитудасы – 4.3. 

Сейсмологтардың ақпаратынша, Қазақстан Республикасының аумағында сезілу байқалмаған.

Серіктес жаңалықтары