сейсенбі, 8 сәуір, 2025

Маусым айында Алматы-Дананг әуе бағыты ашылады

/
istockphoto.com
Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) Airbus A321LR ұшағымен орындалады.

4 маусымнан бастап қазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы Алматы-Дананг бағыты бойынша Вьетнамға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.

Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) Airbus A321LR ұшағымен орындалады.

Нәтижесінде, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 32-ден 34-ке дейін артады.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіледі.

Бөлісу: