Мұнай-газ саласының көрнекті қайраткері, техника ғылымдарының докторы, Маңғыстау облысындағы мұнай және емдік-минералды су кен орындарын ашқан ғалым Олег Сергеевич Герштанский қайтыс болды. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті.
Ол геологтардың қазақстандық қоғамының, министрліктің жанындағы Көмірсутек кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссиясының мүшесі болды. Сондай-ақ "KAZENERGY" қауымдастығының Ғылыми-техникалық кеңесіне кірді. Мұнайшы 100-ден астам ғылыми мақаланың, 82 өнертабыстың және 5 монографияның авторы.
Еңбек жолындағы ерекше жетістіктері үшін ол мемлекеттік марапаттармен – "Құрмет", "Парасат" ордендерімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен және басқа да медальдармен, сондай-ақ "Қазақстанның еңбек сіңірген геологы", "Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атақтарымен марапатталды.