Ертең оқушылар қашықтан оқиды
3 наурыз, дүйсенбі күні Ақтау қаласындағы 1–11 сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқитын болады.
"Ақтаудағы мектептерде қалыпты оқу режиміне оралу ауа райына байланысты болады. Жаңалықтарды қадағалаңыздар”, – деп мәлімдеді Ақтау қаласының білім бөлімі.
Lada.kz мәліметінше, бұған дейін Маңғыстау облысында қарлы боран болатыны, жолдарда көктайғақ күтілетіні хабарланған еді. Өңірдің солтүстік-шығысында аяз -22°C-қа дейін жетуі мүмкін.