Атырау облысында пойыз бен жүк көлігі соқтығысып, локомотив бригадасының жұмысшылары жарақат алды, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Оқиға 1 наурыз күні сағат 10:20 шамасында Теңдік станциясының темір жол өткелінде болған. Жүк көлігінің жүргізушісі пойызбен соқтығысқан.
Апат салдарынан локомотив бригадасының жұмысшылары зардап шегіп, локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып кеткен.