3041
Қазақстандық танымал әнші жол апатынан қаза тапты
Бұл туралы өнер жұлдыздарының бірі Әлібек Серғалиев Instagram желісінде хабарлады

Қазақстандық танымал әнші Асқар Дүйсенов жол-көлік оқиғасы салдарынан дүниеден өтті. Бұл туралы өнер жұлдыздарының бірі Әлібек Серғалиев Instagram желісінде хабарлады.
«Әлі де сенер емеспін!!!! Кеше ғана, Әлеке былай істесек қалай болады? деп жүрген інім еді ғой… Бүгін осындай хабар келді! Алла қасиетті жұма күні, рамазан айының алдында жаныңды алған екен… Раббым өзі алдыңнан жарылқасын! Керемет жігіт едің… Қош, бауырым!» — деп жазды ол.