Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы сотталды
Олар ауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды

Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы сотталды.
Жезқазған қалалық соты Облыстың Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Омар Ә., оның қарамағындағылар тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Сарбаеваға, «Облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы» КМҚК басшысы Г. Жолашароваға және «Тілдерді дамыту ресурстық орталығы» КММ басшысы Ж. Оспановаға, сондай-ақ жеке компанияның өкілі О. Талғатқа қатысты үкім шығарды.
«Олар Жезқазған қаласында 3,9 млн теңге сомасына мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде қосымша келісім жасасу арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен Омар 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылса, оның қатысушыларына 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды.