Павлодар облысында мерекеге орай 151 киіз үй тігіледі

Жалпы өңірде Ұлыстың ұлы күніне байланысты 2 мыңнан астам мерекелік іс-шара өткізу жоспарланған, деп хабарлпды tyrkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Ертіс-Баян өңірі Наурыз мейрамын лайықты деңгейде атап өтуге кірісіп кетті. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәліметінше, аймақ бойынша 151 киіз үй тігіледі.
- 14 наурыз - «Көрісу күнінен» («Амал мерекесі») бастап әр күн концептуалды бағыттар бойынша атап өтіледі. 22 наурыз күні Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында «Қош келдің, әз-Наурыз» мерекелік концерті, қала-аудандардың орталық алаңдарында «Наурыз-думан!» мәдени-көпшілік іс-шаралар, филармонияның концерттік залында Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің «Қош келдің, әз Наурыз!», «Batyr mall» сауда ойын-сауық орталығында «Шаңырақ» орталығы әртістерінің концерті ұйымдастырылады. Павлодардың Орталық алаңында қазақстандық эстрада әртістерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өтеді. Мереке қарсаңында және мереке күндері облысымыздың сауда кешендерінде, қызмет көрсету мекемелерінде, сауда-ойын сауық орталықтарында, дүкендерде облыс тұрғындары үшін түрлі акциялар мен жеңілдіктер ұйымдастырылады, - деп мәлімдеді басқармадан.
Облыс орталығында мерекені тойлауға шыққан жұртшылыққа концерттен кейін бес мың бауырсақ таратылмақ.