Тунистегі турнир: Жас қазақстандық теннисші ширек финалға шықты

Жерлесіміз екінші айналымда италиялық теннисшіден басым түсті.

Тунистегі турнир: Жас қазақстандық теннисші ширек финалға шықты
Сурет: ҚТФ
74

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов (ATP рейтингінде 1036-орында) Монастирде өтіп жатқан ITF санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Екінші айналымда Омарханов италиялық Лука Констаньоланы (ATP рейтингі бойынша 738-орын) 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Ширек финалда ол франциялық Шарль Бертимонмен (ATP рейтингінде 1343-орын) немесе турнирдің бірінші ракеткасы, германиялық Том Гентцпен (ATP рейтингі бойынша 472-орын) кездеседі.

Матч ертең, 28 ақпанда, күннің екінші жартысында өтеді.

Серіктес жаңалықтары