Павлодарда мектеп ғимараты 213 теңгеге сатылды

Мектеп әлдеқашан жабылып қалған.

Павлодарда мектеп ғимараты 213 теңгеге сатылды
irbistv.kz
Автор
Админ
157

Павлодар облысында ауданы 92,1 кв.м болатын бұрынғы мектеп ғимараты 213 теңгеге сатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әуелде мектеп 1,68 млн теңгеге бағаланған.

Объект Береке ауылында орналасқан және Ақсу қаласының Достық ауылдық округі әкімдігінің балансында болған. Электронды сауда алаңындағы ақпаратқа сәйкес мектеп 1993 жылы салынған.

2023 жылдың мамыр айында мектеп ғимараты аукционда 561 мың теңгеге бағаланғанымен, соңында 213 теңгеге сатылған.

Серіктес жаңалықтары