200
«4 адам қаза тапты»: Алматы облысында жол апаты болды
BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.
BMW-728 көлігі қарсы бетке шығып кетіп, Ford Mondeo көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан Ford көлігі өртеніп кеткен.
Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы, сондай-ақ BMW-нің 1 жолаушысы қаза тапты.
BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.